Алматы әуежайында 4 шетелдік жалған құжатпен ұсталды

756

6 сәуірде Алматы қаласының әуежайында паспорттық бақылаудан өту кезінде жалған құжаттар ұсынған Орталық Азия елдерінің 4 азаматы ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы әуежайында 4 шетелдік жалған құжатпен ұсталды

Ал олардың өз құжаттары жүктерін тексеру кезінде табылған.

"Алдын ала деректер бойынша, олар жалған құжаттарды Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен өту үшін сатып алған. Бір жалған төлқұжаттың құны 10 мың АҚШ долларын құраған. Жалған құжаттар тәркіленді. Оларды елден депортациялау мәселесі шешілуде", – деп жазылған хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу