Түркия іздеу салған ер адам Алматыда ұсталды

117

Күдіктіге 67 интернет-алаяқтық фактісі бойынша іздеу жарияланған.

Түркия іздеу салған ер адам Алматыда ұсталды Фото: polisia.kz

Түркияның құқық қорғау органдары іздеген ер адам Алматы әуежайында ұсталды, деп хабарлады inbusiness.kz сайты.

"Шетел азаматын желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ІІМ Интерпол ҰОБ-ның сұрауы бойынша Алматы қаласының халықаралық әуежайында ұстады", - деп жазылған хабарламада.

Күдікті 2018 жылы үй жануарларын сатамын деп жалған интернет-жарнама жасап, 67 адамның ақшасын иемденіп, Түркиядан бой тасалаған.

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында қамауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу