Алматы әуежайында бала әйнек қабырғаға соғылды

119

Алматы әуежайында ойнап жүрген бала витражды қоршауға соғылып жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы әуежайында бала әйнек қабырғаға соғылды Фото: Halyqstan телеграм арнасы

Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, ішкі рейстер терминалында ұшаққа отырғызуды күту кезінде кішкентай бала ойнап жүріп, кенеттен перронға шығатын есікке қарай жүгіріп, витражды қоршауға соғылған.

– Әуежайдың қауіпсіздік қызметі бірден әрекет етіп, әуежайдың медициналық қызметі мен жедел жәрдем шақырды. Кезекші медицина қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, жедел жәрдем келгенге дейін алғашқы медициналық көмек көрсетті, – деп хабарлады әуежайдан.

Мамандардың айтуынша, баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Әуежай әкімшілігі бұл жағдайға байланысты барлық қаржылық шығынды өз мойнына алды.

Алматы әуежайы кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарын жауапкершілікті арттыруға және балаларына бақылауды күшейтуге шақырады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу