Алматы халықаралық әуежайында ұшақ бортына оқ-дәрілерді алып өтуге тырысқан "Qazaq Air" жолаушысы рейстен қалдырылды, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
Авиациялық қауіпсіздік қызметінің инспекторы 8 қазанда Qazaq Air әуекомпаниясының 353 ұшағымен Астанаға ұшпақ болған Ж. есімді жолаушыдан жартылай автомат қаруының оқ-дәрілерін тапты.
Жолаушы бұл рейстен қалдырылып, ары қарай тексеру үшін ішкі істер органдарына тапсырылды.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        