Алматы әуежайында жалған құжатпен жүрген шетел азаматы ұсталды

1097

Материалдар полицияға тапсырылды. 

Алматы әуежайында жалған құжатпен жүрген шетел азаматы ұсталды

Наурыздың 28-і күні Алматы халықаралық әуежайында Алматы – Тбилиси рейсінде шекарашылар жалған құжаттармен жүрген шетелдікті ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz

Аталған азаматтың 2017 жылдан бері Қазақстан аумағында заңсыз жүргені анықталды. Жазадан құтылу үшін ол деректері өзгертілген жалған құжат алған. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің дерегінше ұсталғанның әрекеті 385-бап (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, мемлекеттік пошта белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, жасау немесе өткізу) және 430-баптармен (сот үкімін орындамау) айқындалады.
Материалдар полицияға тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу