Алматы әуежайында жолаушылардан 550 мың доллар мен 27 мың еуроға жуық декларацияланбаған ақша табылды

591

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Алматы әуежайында жолаушылардан 550 мың доллар мен 27 мың еуроға жуық декларацияланбаған ақша табылды

"Жыл басынан бері Алматы халықаралық әуежайында жалпы сомасы 550 мың АҚШ доллары мен 26 910 еуродан астам қаражатты жария етпеу бойынша 2 қылмыстық құқық бұзушылық және 20 әкімшілік факті анықталды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда",- деп жазылған ҚР ҚМА Баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетсек, заң бойынша өзге елге алып кетуге болатын шетелдік валютадағы қолма-қол ақша және ақша құралдары 10 000 доллардан аспауға тиіс. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Сондай-ақ сот шешімімен көрсетілген ақша мен тауарлар мемлекет пайдасына тәркіленуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу