Қазіргі уақытта Алматы әуежайында адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – деп хабарлады департаменттен.
Ал Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі жазатайым оқиға құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан перрон аумағында болғанын хабарлады.
– Оқиға салдарынан құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер ұйымның бір қызметкері мерт болды. Алматы халықаралық әуежайы уәкілетті мемлекеттік органдарға қажетті көмек көрсетіп, жүргізіліп жатқан тергеу аясында олармен өзара іс-қимыл жасайды, – делінген ресми хабарламада.