Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, полиция қызметкері Алматы әуежайында жол ережесін бұзған көлікті тоқтатқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жүргізуші заңды талаптарды орындамай, құжаттарды көрсетуден бас тартып, қашуға әрекеттенген. Инспектор автокөліктің қозғалысын тоқтатпақ болған, алайда көлік оны бірнеше метрге сүйреп кеткен.
"Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданды: жол жүру ережесін бұзғаны және полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот қаулысымен оған 30 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды", – деп хабарлады департаменттен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу