Алматы әуежайының өткізу қабілеті 55 млн жолаушыға ұлғаюы мүмкін

224

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескен Groupe ADP компаниясының бас директоры Филипп Паскаль мәлімдеді.    

Алматы әуежайының өткізу қабілеті 55 млн жолаушыға ұлғаюы мүмкін Фото: alaport.com/akorda.kz

2050 жылға дейін Алматы әуежайының өткізу қабілеті 55 миллион жолаушыға ұлғаюы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кездесуде Алматы әуежайын дамытуға арналған ұзақ мерзімді бас жоспардың орындалуы талқыланды. Мемлекет басшысы әуе хабтарын дамыту көлік-логистика саласындағы стратегиялық басымдықтардың бірі саналатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы компанияның маңызды инфрақұрылымдық жобаларын, оның ішінде жаңа халықаралық терминалдың құрылысын жүзеге асыруға қосқан елеулі үлесін атап өтті. Жүргізілген жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде жолаушыларға қызмет көрсету сапасы айтарлықтай жақсарды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағалауынша, Groupe ADP компаниясының Алматы әуежайы инфрақұрылымын басқаруға атсалысуы табысты серіктестіктің жарқын үлгісі болмақ. Қазір жолаушылар ағыны жылына 14 миллионға дейін артты.

Сондай-ақ кездесуде өңірлердегі әуежайларды өркендету бойынша жаңа бірлескен жобаларды ілгерілету перспективасы талқыланды. Groupe ADP бас директоры мемлекет авиациялық инфрақұрылымның қызметіне арналған оңтайлы нормативтік-құқықтық база жасақтағанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу