Алматы-Бішкек экономикалық дәлізі: кіші комитеттің отырысы өтті

1167

Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов Бішкекте өткен "Алматы-Бішкек экономикалық дәлізі (АБЭД)" жобасы бойынша кіші комитеттің 7-отырысына қатысты.    

Алматы-Бішкек экономикалық дәлізі: кіші комитеттің отырысы өтті Фото: gov.kz

Іс-шараға Қырғыз Республикасы экономика және сауда министрінің орынбасары Қанатбек Әбдірахманов, АДБ Орталық және Батыс Азия бойынша өңірлік департаментінің бас директоры Евгений Жуков қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыс барысында қатысушылар ынтымақтастықтың бірқатар негізгі бағыттарын, соның ішінде климаттың өзгеруі, қоршаған орта және туризм бойынша бірлескен жобаларды іске асыру барысын қарастырды.

"АБЭД жобасы бойынша АДБ-мен тығыз ынтымақтастықтың арқасында соңғы 5 жылда біздің елдер Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық (ОАӨЭЫ) аймағында алғашқы экономикалық дәліз құру жолында көптеген оң нәтижелерге қол жеткізді. Экономикалық дәліздердің іске қосылуы интеграциялық хабарламаларды күшейтуде маңызды рөл атқарды және екіжақты қатынастардың дамуына серпін берді. Біз қырғыз әріптестерімен және АДБ-мен (Азия Даму банкі) ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз",-деп атап өтті ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов.

АНЫҚТАМА:  АБЭД кіші комитеті 2016 жылы құрылды. Оның негізгі міндеттері екі елдің өңірлік инвестициялық жобаларды іздеу, талқылау және қарау жөніндегі күш-жігерін үйлестіру болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу