Алматы – Бішкек тасжолында мопед пен көлік соқтығысты

116

Салдарынан мопед жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.   

Алматы – Бішкек тасжолында мопед пен көлік соқтығысты Фото: zakon.kz

Алматы облысында Алматы – Бішкек тасжолында мопед пен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жол-көлік оқиғасы түскі уақытта болған. Полицияның алдын ала мәліметінше, Toyota маркалы жеңіл автокөліктің жүргізушісі қосалқы жолдан басты жолға шыққан кезде мопедпен соқтығысқан.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу