Алматы брейкингтен Қазақстан біріншілігінің ұлттық финалы өтеді

718

Жеңімпаз Нью-Йоркта өтетін әлемдік біріншілікте Қазақстанның намысын қорғайды. 

Алматы брейкингтен Қазақстан біріншілігінің ұлттық финалы өтеді

18 маусымда Алматыда брейкингтен Қазақстан біріншілігінің ұлттық финалы өтеді, деп жазды inbusiness.kz

Қатысушылар АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтетін әлемдік біріншілікте ел намысын қорғау құқығына ие болады. 

Ұлттық финалда барлық республика бойынша жиналатын 24 брейкер күш сынасады. Мықтылар баттлдың нәтижесіне сай, олимпиадалық жүйе бойынша анықталады.

Олардың өнерін бағалайтын әділқазылар: b-boy Kleju (Польша), b-boy Freeze (Швеция), b- boy Hong 10 (Оңтүстік Корея).

Екі жеңімпаз – бір b-girl мен бір b-boy – 2022 жылдың 6 қарашасында, Нью-Йорк қаласында өтетін, әлемдік финалға аттанады.

Шешуші баттлда бақ сынау құқығына 16 b-boys пен 16 b-girls ие болады, бірақ біріншілік жеңімпазы деген атақ солардың біреуіне ғана бұйырады. 

Былтыр, Польшада өткен әлем біріншілігінде, қазақстандық Әмір Зәкіров жеңіске жетті. Ол 2021 жылдың жеңімпазы ретінде, биылғы финалға да қатысады.

Айта кетейік, 2020 жылы Халықаралық Олимпиада комитеті, брейкингті ресми түрде, олимпиадалық спорт деп мойындады. Енді ол 2024 жылғы Парижде өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізіледі.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу