Алматы британдық беделді басылымның ұсынымдар тізіміне енді

322

Британдық журнал Қазақстандағы мәдени бағытты ерекше атап өтті.  

Алматы британдық беделді басылымның ұсынымдар тізіміне енді Фото: Almaty_akimdigi Telegram

Британдық премиум санаттағы Country & Town House журналы Алматыны Қазақстанның заманауи мәдениетімен танысуға болатын ең тартымды бағыттардың бірі ретінде ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Басылымның және оның цифрлық платформаларының жалпы аудиториясы 500 мыңнан асады. Оқырмандар қатарында әлемнің түрлі елдерінен саяхатшылар, кәсіпкерлер және креативті индустрия өкілдері бар.

Жарияланымда Алматының гастрономиялық ерекшеліктеріне, сондай-ақ қаланың жаңа мәдени кеңістіктеріне ерекше назар аударылған. Атап айтқанда, Almaty Museum of Arts қаланың заманауи мәдениетінің маңызды нысандарының бірі ретінде көрсетілген.

Басылым Алматыны бай мәдени мұрасы, ерекше асханасы және белсенді қалалық өмірі үйлескен заманауи мегаполис ретінде сипаттайды.

Мұндай халықаралық жарияланымдар Алматының әлемдік туристік картадағы беделін арттырып, қалаға келуші шетелдік туристердің қызығушылығын күшейтуге ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу