Алматы бюджеті 30800 млрд теңгеге оңтайландырылды

714

Бұл қаражат эпидемиямен қарсы күреске бағытталды. 

Алматы бюджеті 30800 млрд теңгеге оңтайландырылды

Елордада Алматының дамуына байланысты есеп берген шаһар әкімі Бақытжан Сағынтаев осылай деп мәлімдеді. Сөзін "биыл қандай жұмыстар атқарылды?" деген сауалдан бастаған мегаполис басшысы пандемияға байланысты бюджетті қайта қарау және бюжеттегі басым емес шығындарды қысқартуға тура келгенін жеткізді. 

"Нәтижесінде бюджет 30800 млрд теңгеге оңтайландырылды. Бұл қаражат эпидемиямен қарсы күреске бағытталды. 2020 жылы коронавируспен күреске республикалық және жергілікті бюджеттен барлығы 100 млрд теңге бағытталды. Қаражат госпитальдарды салуға, медициналық жабдықтарды сатып алуға, медициналық ұйымдарды емдік газбен жабдықтап, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жұмсалды", – деді Бақытжан Сағынтаев.

Алматыда барлығы 16534 адам коронавирустық инфекция жұқтырған, этиологиясы жоқ пневмониямен 1 тамыздан бастап есептегенде 1199 науқас тіркелді. Осы науқастардың ішінде 14960 адам жазылып ауруханадан шықты. 

"Өкінішке орай коронавирустан 331 адам қайтыс болды", – деді шаһар басшысы. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу