Алматы бюджетінде Көк жайлау жолын салуға қаржы қарастырылмаған

1192

Алматы бюджетінде Көк жайлау жолын салуға қаржы қарастырылмаған

Алматы қаласының 2017 жылғы бюджетінде "Көк жайлау" демалыс орнына баратын жолды салуға қаржы қарастырылмаған.

"Крыша" сайтына  белгілі болғандай, 20 ақпан күні "Көк жайлау" қоғамдық қозғалыс өкілдері қала әкімі Бауыржан Байбекке сауал-хат жолдаған. Онда небәрі үш мәселе: тау шаңғы курортының жолын салуға қаражат бөлу, ерекше қорғалатын табиғат аумақтары құрылысы және ағаш кескенге салынатын айыппұлды ұлғайту  туралы жазылған.

Бүгінгі күні тек бірінші сауалға ғана жауап алынған. Алайда қала билігінің берген жауабы қоғам өкілдері көңілінен шықпады.

" Есептік кездесуде әкім мәселелер әлі талқынатынын айтып, бізге өзінің орынбасары Әсел Жүнісоваға жолығуды өтінді. Ал әкім орынбасары  қосалқы электр станциясы салынып бітетінін, сонымен бірге тау шатқалына баратын жолдың қажеттігін де айтып өтті", – деді "Көк жайлау" қозғалысының өкілі Салтанат Ташимова.

Қозғалыс белсенділері қаражат жетіспейтіндігі туралы уәждің жақын арада, мәселен қала бюджетін қайта қарастырғаннан кейін өзгеруі мүмкін екендігіне сенімді.

Қозғалыс белсенділерінің қаупі негізсіз емес, өйткені курорт құрылысы қаражат пен инвесторлардың жоқтығынан жүрмей жатқанын бірнеше рет айтылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу