Алматы бюджетінің кірісі 42%-ға өсті

Қала бюджетінің кірістер құрылымында негізгі үлес салық түсімдеріне тиесілі. 

Алматы бюджетінің кірісі 42%-ға өсті Фото: Костанай-Агро

Алматының 2022 жылғы жергілікті бюджет кірісі 1 175,1 млрд теңге болды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 42%-ға артық, деп хабарлады Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Алтай Бердіқұлов қалалық мәслихаттың VI сессиясында.

"Қала бюджетінің кірістер құрылымында негізгі үлес салық түсімдеріне тиесілі, ол 164,2 млрд теңге көлеміндегі жоспарлы көрсеткіштен асып, 1 122,1 млрд теңгеге жеткен. 2021 жылмен салыстырғанда салық түсімдері 332 млрд теңгеге немесе 42%-ға ұлғайды", – деді спикер.

2022 жылы салықтық емес түсімдер 16,5 млрд теңге болды. Негізгі капиталды сатудан түскен кірістер 36,4 млрд теңгеге жетті, жоспар 23,8%-ға асыра орындалды.

"Қаңтар оқиғасында бизнеске келтірілген залалмен байланысты жылдың ауыр басталуына қарамастан, әкімдіктің ШОБ-ты қалпына келтіру және қолдау бойынша уақытылы қабылдаған шаралары, сонымен қатар, МКД әкімшілендіруді жақсарту салықтан түсетін түсімдерді көбейтуде оң нәтижесін берді", – деді Алтай Бердіқұлов.

2022 жылғы түсімдердің жалпы көлемінде 15,9% республикалық бюджеттен 224,1 млрд теңге сомасында трансферттер (2021 жылмен салыстырғанда 28%-ға өсім), 0,6% - бағалы қағаздарды орналастырудан түсетін түсімдер, 0,01% - қаржы активтері мен бюджет несиесін сатудан және 0,1% - бюджет несиесін өтеуден түсетін түсім.

2023 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша түсімдер 340,7 млрд теңге болды, бұл 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 139,2 млрд теңгеге немесе 69%-ға көп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу