Алматыда екі автобус соқтығыcты

97

Зардап шеккендер бар.  

Алматыда екі автобус соқтығыcты Фото: t.me/almatytoday

Алматының Медеу ауданында қоғамдық көліктер соқтығысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 12:40 шамасында Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан №69 автобус аялдамада тұрған №208 бағыттағы автобуспен соқтығысқан.

– Жол апаты салдарынан №69 бағыттағы автобустың жүргізушісі мен жолаушы медициналық көмекке жүгінді. Апаттың мән-жайын Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтайды, – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу