Алматы елдің жалпы ішкі өнімінің 23%-ын қалыптастырады

330

Алматы – Қазақстанның ең ірі іскерлік, қаржылық, ғылыми және мәдени орталығы.

Алматы елдің жалпы ішкі өнімінің 23%-ын қалыптастырады Фото: gov.kz

Алматы қаласы Экономика және қаржы басқармасының басшысы Бауыржан Құдайбергенов мәслихат отырысында қаланың 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бес жылдық жоспарды әзірлеу барысында қолданыстағы стратегиялық құжаттарға кешенді талдау жүргізілді. Халықаралық тәжірибе мен қазіргі әлеуметтік-экономикалық даму динамикасы, сондай-ақ қаланың дамуына әсер ететін негізгі сын-қатерлер зерделенді. Бүгінде Алматы – елдің ең ірі іскерлік, қаржылық, ғылыми және мәдени орталығы. Қала елдің жалпы ішкі өнімінің 23%-ын және мемлекеттік бюджет кірістерінің 26%-ын қалыптастырады", – деді Бауыржан Құдайбергенов.

Оның сөзінше, қазіргі таңда оңтүстік мегаполисте бірқатар өзекті мәселелер де бар.

"Қаланың оңтүстік бөлігінде мәдениет нысандарының 90%-дан астамы және денсаулық сақтау объектілерінің 82%-ы шоғырланған. Халық өсімінің үштен екісін сырттан келушілер құрап отыр. Алдағы 5 жылда қала тұрғындарының ресми саны 2,7 млн адамға дейін ал миграцияны есепке алғанда 3,3 млн адамға дейін өсуі мүмкін. Күн сайын 650 мыңнан астам автокөлік қала жолдарына салмақ түсіріп, экологиялық жағдайды күрделендіруде", – деп атап өтті Экономика және қаржы басқармасының басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу