Алматы хайуанаттар бағында ақбөкендер төлдеді

281

Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасы хабарлады.  

Алматы хайуанаттар бағында ақбөкендер төлдеді Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы хайуанаттар бағында Стелла мен Айна есімді ақбөкендер төлдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мамандардың айтуынша, жаңа туған лақтардың жағдайы жақсы. Олар өсіп-жетіліп, аналарынан бір елі ажыраған емес. Әзірше төлдер ана сүтімен қоректеніп жатыр. Ал уақыт өте келе табиғи өсімдік тектес азыққа біртіндеп бейімделеді.

– Алматы хайуанаттар бағы – ақбөкендерді қолда өсіріп, тұрақты түрде төл алып отырған санаулы зоологиялық мекеменің бірі. Мамандар мұны сирек кездесетін жануар түрін сақтауға және биологиялық алуандықты қорғауға бағытталған жұмыстың маңызды нәтижесі ретінде бағалайды, – делінген әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазір лақтардың жасы шамамен бір айға таяған. Олар ветеринар мамандардың тұрақты бақылауында болып, жасына сай дамып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу