Бұл жаңалықты хайуанаттар бағының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сұр кенгурулар Лорд пен Ларадан, сондай-ақ Тик пен Линдадан екі төл туған. Лара алтыншы рет төлдесе, Линда алғаш рет туып отыр. Ал жирен кенгурулар Мартин мен Мартадан тағы бір еркек төл дүниеге келген.
Дәстүр бойынша Алматы хайуанаттар бағы жаңа туған төлдерге ат қоюға көпшілікті шақырады.
"Екі кенгурудың жынысы әлі белгісіз болғандықтан, оларға еркекке де, ұрғашыға да жарасатын әмбебап есімдер ұсынуға болады", – деді хайуанаттар бағының қызметкерлері.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу