Алматы халықаралық әуежайында антитеррорлық операция басталды

737

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров әуежайдағы жағдайеа байланысты тың деректермен бөлісті. 

Алматы халықаралық әуежайында антитеррорлық операция басталды

Оның сөзінше ұшу айлағында арнайы операция басталған, деп хабарлайды inbusiness.kz

Шаһардағы ең ірі сауда орталықтар, соның ішінде Mega, Esentai, Promenade талан-таражға түсті.

"Әуежайға арнайы "Бейбітшілік үшін антитеррорлық операциясы” басталды. Ол штаттық режимге көшіріліп жатыр”, – деді Ержан Бабақұмаров журналистерге.

Қазіргі уақытта әуежай террористерден босатылды деген ақпарат келіп түсті. Бұған қоса Алматыдағы ең ірі сауда орталықтар, соның ішінде Mega, Esentai, Promenade, ЦУМ талан-таражға түсті. Куәгерлердің дерегінше, шерушілер нысандарды қиратып, заттарды көлікпен тиеп алып кетуде. Тіпті кейбір сауда орталықтары әлі талан-таражға түсіп жатыр деген ақпарат тарады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу