Алматы халықаралық әуежайында дәрілік препараттарды заңсыз әкетпек болғандардың жолы кесілді

436

Бұл дәрілік препараттар салмағы 92,5 кг 2923 қаптама мөлшеріндегі биологиялық белсенді қоспа ретінде мәлімделген.

Алматы халықаралық әуежайында дәрілік препараттарды заңсыз әкетпек болғандардың жолы кесілді

Кедендік бақылау барысында адам денсаулығына зиянды әсер ететін препараттарды заңсыз әкету әрекетінің жолын кесілді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Тексеру шарасына Алматы қаласы бойынша МКД "Жетісу" кеден бекетінің қызметкерлері мен  Алматы қаласы бойынша Экономикалық  тергеу департаментіне және ҚР ҰҚК ШҚ қызметкерлерімен қатысты.

Бұл дәрілік препараттар салмағы 92,5 кг 2923 қаптама мөлшеріндегі биологиялық белсенді қоспа ретінде мәлімделген.


Сонымен қатар, кедендік сараптаманың нәтижесінде мәлімделген биологиялық белсенді қоспалар таблеткалар мен ампулалар түрінде оралған, ҚР аумағында экспорты мен импорты шектеулі болып табылатын күшті анаболикалық стероидтер екені анықталды.

Осы факті бойынша материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тыйым салынған және тасымалдауы шектелген тауарлардың, оның ішінде әскери және қосарлы мақсаттағы тауарлардың өткізілуіне тұрақты негізде бақылау жүргізетінін еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу