Алматы халықаралық деңгейде өз позициясын нығайтады

Мегаполис БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу бойынша өз тарихында алғашқы Ерікті жергілікті шолуға дайындалуда. 

Алматы халықаралық деңгейде өз позициясын нығайтады Фото: almaty.tv

Алматы БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу туралы есеп бере бастаған еліміздегі алғашқы қала болмақ. 

ҚР ұлттық деңгейде алғаш рет 2019 жылдың жазында, екінші рет 2022 жылдың жазында БҰҰ ТЖМ іске асыру бойынша ерікті ұлттық шолуын ұсынды. Алматы 2023 жылдың соңына қарай өз шолуын жариялауға дайындалуда. Құжатты әзірлеу 2023 жылдың мамыр айының соңында басталды.

Ұлттық және аймақтық деңгейде де мұндай шолулар қатысушылардың БҰҰ ТДМ-ға қол жеткізуге деген ізгі ниеті мен дайындығының белгісі ретінде, сонымен қатар, қол жеткізілген нәтижелерді ұсыну үшін жасайтын есептілігін білдіреді. Шолулар елдер мен қалаларға тәжірибе алмасуға, мемлекеттік мекемелер деңгейінде орнықты даму саясатын дамытуға және нығайтуға жәрдемдесуге, көпжақты әріптестікті дамыту үшін алғышарттар жасауға көмектеседі.

БҰҰ ТДМ-ға қол жеткізу бойынша Алматының Ерікті жергілікті шолуын әзірлеуші "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ (АДО) – тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі қаланың негізгі институты болып табылады.

АДО бұл жұмысты тұтастай алғанда қаланың дамуымен тығыз байланысты өзінің Даму бағдарламасын іске асыру аясында жүргізеді. Бағдарлама Алматының дамуын жаһандық күн тәртібімен және БҰҰ ТДМ міндеттерімен үндестіруге бағытталған. Бұл көрсеткіштердің егжей-тегжейлі жүйесінің арқасында жергілікті атқарушы органдар жүргізетін жұмыстың тиімділігін неғұрлым нақты жүйелеуге және жақсырақ бағалауға, сонымен бірге бұл қалаға өзінің танылуын арттыруға, жаңа серіктестер мен инвесторларды тартуға мүмкіндік береді.

Ерікті жергілікті шолу "Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар" негізгі бағыттарына, мақсаттары мен міндеттеріне негізделеді.

Шолу шеңберінде БҰҰ ТДМ нақты міндеттерін шешуге бағытталған қаланы дамыту бағдарламасының жобаларына - бұл жобалар адами, қаржылық және өзге де ресурстарды қалай жұмылдыратынына, сонымен қатар, қаланың өмір сүру сапасы мен өміршеңдігін арттыруға баса назар аударылады.

Бұл ретте, мегаполис мақсатқа сай болуы тиіс – 2022 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Алматыда БҰҰ-ның аймақтық хабын ашу туралы келісімге қол жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу