Алматы қалалық сотының ғимараты қоршауға алынды

855

Ғимараттағы қызметкерлер эвакуацияланған.

Алматы қалалық сотының ғимараты қоршауға алынды

Дүйсенбіде Алматыда қалалық сот қызметкерлері эвакуацияланды, ғимарат қоршалғанды, тексеру жүргізілуде, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне қалалық соттың өкілі Абай Жарылқасын.

"Бүгін, шамамен 30 минут бұрын, Алматы қалалық сотының канцелярия поштасына қорқытып-үркіткен сарындағы, оның ішінде жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарламалар келіп түсті. Осыған байланысты, қазіргі уақытта сот ғимаратында келіп түскен хабарламаларға тексеру жүргізілуде", - деді сот өкілі.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта сот ғимаратын полиция қызметкерлері қоршап алған, жедел қызметтер ғимаратты тексеріп жатыр.

"Судьялар мен сот қызметкерлері эвакуацияланды", - деді ол.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу