Алматы қалалық жедел қызметке қандай жағдайда хабарласуға болады?

455

Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі коммуналдық қызметке қатысты оқыс оқиға болған жағдайда хабарласуға болатын диспетчерлік орталықтардың телефондарын жариялады, деп жазады inbusiness.kz. 

Алматы қалалық жедел қызметке қандай жағдайда хабарласуға болады? Фото: google

Жылу желісі, су құбыры немесе кәріздің істен шыққанын жағдайда тұрғындарға өз бетінше әрекет жасамау қажет екені ескертілді. "Алматы жылу желілері" ЖШС апаттық-диспетчерлік қызметіне хабарласу қажет: +7 (727) 378-06-65 және +7 (727) 378-06-98.

Су бей-берекет ағып жатса, немесе беті ашық құдық кездескен жағдайда "Алматы Су" МКК тәулік бойы қызмет көрсететін диспетчерлік қызметінің нөміріне хабарласу қажет: +7 (727) 274-66-66, +7 (727) 234-34-89

Электр желілері үзілсе, ажыраса, "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ байланыс нөмірлеріне қоңырау шалған жөн: +7 (727) 356-99-99 және +7 (727) 399-99-00.

Кіреберістен немесе пәтерден газдың иісі шықса, шұғыл түрде 104 апаттық қызметіне хабарласу қажет.

Көше шамдары істен шықса, "Алматы Қала Жарық" МКК диспетчерлік қызметіне хабарлаған дұрыс: +7 (727) 390-20-40 және +7 (727) 390-20-60.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу