Алматы әкімдігіне қарасты басқармада ашық есік күні өтеді

481

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

Алматы әкімдігіне қарасты басқармада ашық есік күні өтеді Фото: google

Ашық есік күні 22 желтоқсан сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін Абай даңғылы 90 мекенжайындағы Алматы бас жоспары ғимаратында  өтеді. Онда басқарудың жаңа нысандарына көшу бойынша талқылау болады.

"Қала тұрғындары мүлік иелері бірлестігі (МИБ) мен қарапайым серіктестікке (ҚС) көшу алгоритмдері және тұрғын үй-коммуналдық қатынастар саласындағы басқа да мәселелер бойынша кеңес ала алады" , делінген хабарламада.

Қатысушыларға бетперде тағу режимі мен санитарлық нормаларды сақтау ескертіледі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу