Алматы қаласы мен Алматы облысында тау өзендеріндегі суға мониторинг жасау күшейтілді

166

Құтқарушылар ең қауіпті 14 бекеттегі жағдай туралы сағат сайын ақпарат беріп отыр.  

Алматы қаласы мен Алматы облысында тау өзендеріндегі суға мониторинг жасау күшейтілді Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Толассыз жауын-шашынға байланысты Алматы қаласы мен Алматы облысындағы сел қаупі кезеңінде жүргізіліп жатқан алдын алу іс-шараларына байланысты ТЖМ күштері мен құралдары күшейтілген кезекшілікке көшті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өзен арналары мен сел қаупі бар учаскелерге тәулік бойы мониторинг жүргізіліп жатыр.

ТЖМ бөлімшелері Үлкен Алматы, Кіші Алматы және Қарғалы өзендеріндегі мониторинг бекеттерінен жағдай туралы сағат сайын ақпарат беруде.

Сонымен қатар су ағынының кедергісіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында Ақсай өзенінің арнасы тазартылды.

Жауын-шашын басталғанға дейін су басу қаупі бар учаскелерге ТЖД, ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ, "Барыс" республикалық жедел-құтқару жасағы, Құтқару қызметі, ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері және әкімдіктің мердігер ұйымдарының су сору техникасымен жабдықталған күштері мен құралдары алдын ала орналастырылды.

Бұл гидрологиялық жағдайдағы кез келген өзгеріске жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Төтенше жағдайлар тіркелген жоқ.

ТЖД мен ТЖМ жедел штабтары жұмыс істеп отыр. Ең қауіпті учаскелерде 14 мониторинг бекеті тәулік бойы бақылау жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу