Жол-көлік оқиғасынан Škoda көлігінің 2009 жылы туған жолаушысы жарақат алып, балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оңтүстік бағытқа қарай қозғалып келе жатқан Škoda маркалы көліктің жүргізушісі арақашықтықты сақтамай, алдында келе жатқан Chevrolet автокөлігіне соқтығысқан. Соққының әсерінен Chevrolet аялдамада жолаушыларды түсіріп-мінгізіп тұрған автобусқа барып соғылған.
Сонымен қатар, соққыдан кейін Škoda бағытын жоғалтып, сол жолақпен қатар жүріп келе жатқан Volvo көлігімен тағы соқтығысқан.
Қазір оқиғаның мән-жайы жіті зерттеліп жатыр. Көліктерге қаншалықты зиян келгені туралы қосымша хабарланбақ.
Бұған дейін Ақтөбе облысында 49 жолаушысы бар автобус аударылып, 5 адам көз жұмғанын жазған едік.
Оның алдында Шығыс Қазақстанда жол апатынан 3 адамның қаза тапқаны жазылды.