Алматы қаласында электр қуатының тарифі өзгеруі мүмкін

96

"Алатау Жарық Компаниясы" тұтыншыларға жаңа баға ұсынып отыр.    

Алматы қаласында электр қуатының тарифі өзгеруі мүмкін Фото: Владимир Третьяков

Бұл мәселе бойынша қоғамдық тыңдау өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Компания Алматы қаласы мен Алматы облысында электр энергиясының құнын өзгертуді жоспарлап отыр. 

Компания мәліметінше, тарифтің шекті бағасы қазіргі 31,85 теңгеден 38,01 теңгеге дейін өседі. Мұндай өзгеріс 1 қазанынан бастап күшіне енуі мүмкін.

"Алматы Жарық" тарифтің көтерілуін бірнеше фактормен байланыстырады:

  • Өз желілері бойынша тасымал тарифі: 2025 жылғы 1 тамыздан бастап АЖК-ның электр энергиясын тарату қызметінің бағасы 12,96 теңгеден 14,25 теңгеге дейін көтерілді. Сонымен қатар, 1 қазаннан бастап қосымша 13,99 теңгелік өтемдік тариф енгізіледі.
  • KEGOC тарифі: Ұлттық оператор 2025 жылғы 1 сәуірден бастап өз желілері бойынша электр энергиясын тасымалдау бағасын 3,66 теңгеден 5,41 теңгеге дейін қымбаттатқан.
  • Өндіріс шығыны: Энергияны сатып алу құнына индустриялық аймақтарға жеткізу, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерінен (ЖЭК) алынатын электр энергиясының қымбаттығы әсер етеді.

Биыл шілдеде Алматы тұрғындары үшін тариф көтерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу