Алматы қаласында пәтер жалдау құны арзандады

861

Мамыр айында Алматы қаласында пәтер жалға алу ақысы сәуірмен салыстырғанда 3,6%-ға арзандаған.  

Алматы қаласында пәтер жалдау құны арзандады Фото: t.me/almaty_akimat

2023 жылғы қыркүйектен бері алғаш рет жалға алу бағасы айтарлықтай төмендеп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты DataHub_KZ телеграмм парақшасына сілтеме жасап. 

Бағаның осылайша арзандауы кейінгі он жылда екінші рет ғана тіркеліп отыр. Алғаш рет жалға алу ақысы 2016 жылы түскен. Сол кезде баға бірден 16%-ға төмендеген. Басқа жылдардың бәрінде тек баға көтерілген. Алматыда жалға берілетін пәтердің 1 шаршы метрі 5,2 мың теңге болды.

Бұл уақытта мегаполисте баспана құны көтеріліп жатыр. Жаңа пәтер бағасы 1,9%-ға көтерілді. Осылайша қалада баспана 9 ай қатарынан қымбаттап отыр. Ескі үйлер бағасы да 1,3%-ға көтерілген. 

Астанада, керісінше, баспана бағасы арзандады. Жаңа пәтерлер бағасы өзгермесе, ескі пәтерлер 2,6%-ға төмендеді. Бас қалада баспана бағасы 2023 жылғы шілдеден бері алғаш рет осылайша арзандап отыр.

Астанада пәтерді жалға алу ақысы айтырлықтай өзгермеді – баға сәуірмен салыстырғанда бар болғаны 0,1%-ға төмендеді. Мұнда мамыр айныда орташа жалға алу бағасы 1 шаршы метріне 5 мың теңге болды.

Осылайша Қазақстанның екі ірі қаласында пәтер жалдау ақысы теңесіп келеді. 2025 жылғы мамырда Астанада пәтер жалдау Алматыға қарағанда бар болғаны 4,6%-ға арзан болған. Үш жылдан бері Алматы қаласында пәтер жалдау астанаға қарағанда қымбат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу