Алматы қаласында тағы 7 адамнан коронавирус анықталды

1022

Қазақстандағы коронавирус бойынша 27 наурыздағы 07:50 сағ. жағдай.

Алматы қаласында тағы 7 адамнан коронавирус анықталды

Елімізде Соvid-19 жұқтырғандар қатары бүгін 7 адамға көбейіп, олардың жалпы саны 120-ға жетті.

"Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 60 адам, Алматы қаласында – 47 адам, Қарағанды қаласында – 4, Шымкент қаласында – 2 адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Жамбыл облысында – 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, Ақмола облысында – 1 адам жалпы 120 науқас тіркелді",– деп жазылған ресми хабарламада.

Бұған дейін 2 адамның емделіп, жазылғанын хабарлаған болатынбыз. Ал кеше ғана аталған індеттен бір әйел адам көз жұмды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу