Алматы кәсіпкерлері жалдау төлемдерін кейінге қалдыра алады

882

Мүкіндікті мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторға тиесілі ғимараттардан кеңсе жалға алатын ШОБ өкілдері пайдалана алады. 

Алматы кәсіпкерлері жалдау төлемдерін кейінге қалдыра алады

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифинте Алматы мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Рүстем Әлиев мәлім етті, деп хабарлайды іnbusiness.kz.

Оның айтуынша қазіргі уақытта жалдау төлемдерін тоқтата тұруға арналған сайттың қосымша қызметі іске қосылған. Онда бизнес өкілдері өтінімдерін қалдырып, қосымша келісімдер жасай алады. 

"Биылғы жылдың 1 мамырына дейін жалдау төлемдерін тоқтата тұруға 216 өтінім қабылданып, қаралды. Осы мүмкіндіктің арқасында кәсіпкерлер 256,4 млн теңгеге дейін үнемдеді", – деді Алматы мемлекеттік активтер басқармасының басшысы.

Сондай-ақ, спикер Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасының сайтында жалдау төлемдерін тоқтата тұруға өтініш беру туралы толық бейне нұсқаулық бар екенін атап өтті.

"Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқармасы Telegram қосымшасында виртуалды-кеңесші чат-ботын іске қосты, ол мемлекеттік мүлікті жалға алу бойынша барлық сұрақтарға жауап береді", – деді Рүстем Әлиев.

Басқарма басшысы жыл сайын 60 мың шаршы метрден астам мемлекеттік алаң жалға берілетінін хабарлады. Мұндағы қоғамдық тамақтанудың үлесі (мектеп асханалары) - 39,5%, жеке мектептер мен балабақшалар - 24,54%, нотариустер, ателье, офистер және басқалар - 16,32%, оқыту және спорт секциялары - 9,2%, мемлекеттік мекемелердегі асханалар – 7,82%, ұялы байланыс операторларының антенналары - 1,14%, ПИК, қызмет көрсетуші компаниялар - 1,02%, банктер, кассалар мен вендинг автоматтары - 0,46% құрайды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу