Алматы қоғамдық көліктерінің кейбір бағыттарында автобустар жаңартылды

501

Бұл туралы Алматы қаласының мобильділік басқармасынан хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.  

Алматы қоғамдық көліктерінің кейбір бағыттарында автобустар жаңартылды Фото: nur.kz

"20 желтоқсаннан бастап №5, №5а, №5б, №5в және №26 маршруттарда жаңа автобустар шығарылатын болады. Соңғы айларда аталған маршруттарда жоспарлы жылжымалы бірліктің жолға шығуы 50%-ға дейін төмендегендіктен, маршруттарды Иссузу Н-40 маркалы жаңа 19 автобуспен қызмет көрсететін "Сапаршы" ЖШС тасымалдаушы компаниясына беру туралы шешім қабылданды", - делінген қала әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ақпаратқа сәйкес, №5 маршрутқа 4 жылжымалы бірлік, №5а мен №5в маршруттарына 2, №5б маршрутына 3 және №26 маршрутқа 5 автобус шығару қарастырылып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу