Алматы колледждерінде 10 жаңа мамандық ашылады

385

Жаңа бағыттар қатарында мехатроника, эстетикалық косметология, экологиялық туризм және жаңартылатын энергетика бар.  

Алматы колледждерінде 10 жаңа мамандық ашылады Фото: listscholarship.com

Алматы колледждерінде еңбек нарығында сұранысқа ие 10 жаңа мамандық бойынша кадр даярлау басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

 Олардың қатарында жылжымайтын мүлікті басқару, медициналық-профилактикалық іс, эстетикалық косметология, өрт қауіпсіздігі, мехатроника, графикалық анимация, экологиялық туризм және жаңартылатын энергетика салалары бар.

Биыл қала колледждерінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 17 491 орын бөлінді. Қазіргі таңда студенттердің 43 пайызы дуальды оқыту жүйесімен білім алуда. Бағдарламаға 52 колледж бен 770 кәсіпорын қатысып отыр.

Сондай-ақ инклюзивті білім беру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Қазір Алматы колледждерінде ерекше білім беру қажеттілігі бар 351 студент оқып жүр. Биыл тағы екі колледж инклюзивті бағдарламалар бойынша талапкерлер қабылдайды.

Бұдан бөлек, халықаралық ынтымақтастық аясында студенттер Қытай, Түркия және Германияда тағылымдамадан өтіп, тәжірибелік білім мен заманауи кәсіби дағдыларды меңгеруде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу