Алматы, Қонаев, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарынан заттай мүлік ұрланды

648

Бас әскери прокуратура "әскери мүлік ұрланғаны анықталды" деп хабарлады. Қазір Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде әскери мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін тексерулер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Алматы, Қонаев, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарынан заттай мүлік ұрланды

"Алматы, Қонаев, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарында 825 млн теңгеге жуық сомаға заттай мүлік пен жеке қорғаныс құралдарын ұрлау белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, 8 қылмыстық іс қозғалды. Тергеуді Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорлары жүзеге асырады", – деп жазылған ақпарда.

Өзге ақпарат, тергеу мүддесіне сай, жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу