Алматы облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 23 маусым күні Алматы – Шелек – Қорғас автожолының 132-шақырымында тіркелген.
"Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Haval автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Audi 100 автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Audi автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттерінің толық кешені жүргізілуде. Кінәлі жүргізуші қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда", – делінген хабарламада.
Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында екені белгілі болды.