Алматы-Қорғас тасжолында ірі жол апаты болды

463

Зардап шеккендер жоқ.  

Алматы-Қорғас тасжолында ірі жол апаты болды Фото: tengrinews.kz

Алматы облысындағы тасжолда ірі жол апаты болды, деп хабарлайды inbusiness.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Алматы-Қорғас тасжолында болған ірі жол апатының видеосы пайда болды. Кадрларда аударылып қалған жүк тиелген тіркеме мен қираған көліктер көрінеді.

Алматы облысының полицейлері жол апаты 26 ақпанда сағат 11:00-де Алматы-Шелек-Қорғас тасжолының 42-шақырымында болғанын хабарлады.

MAN жүк көлігінің артқы жартылай тіркемесі шығып кетіп, DAF автотасығышына соғылып, соққы инерциясынан ол Mercedes-Benz автотасымалдаушысымен соқтығысқан. MAN жүк көлігі бүйіріне аударылып қалған. Апат салдарынан автокөлік тасымалдаушыға тиелген көліктер механикалық зақымданған. Зардап шеккендер жоқ.

Полицейлер жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігі "Адамдардың денсаулығына, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің зақымдалуына әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу