Алматы көшелерінде жеткізуші роботтар пайда болды

330

Жеткізуге орта есеппен 15-30 минут кетеді.  

Алматы көшелерінде жеткізуші роботтар пайда болды Фото: Almaty_akimdigi telegram

Алматыда автономды жеткізуші роботтар сынақтан өткізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазір олар Самал ауданында жұмыс істейді. Алдағы уақытта қызмет көрсету аумағын кеңейту мәселесі қаралады.

Роботтар бағытты өздігінен құрып, жаяу жүргіншілерге арналған жолдармен қозғалады. Олар камера, лидар, ультрадыбыстық датчиктер, 3D-карталар және жасанды интеллект алгоритмдері арқылы айналасындағы жағдайды бақылайды. Жолдағы кедергілерді анықтап, адамдарға жол береді және қажет болса тоқтайды.

Межелі жерге жеткен кезде роботтың жүк салатын бөлігі смартфон арқылы ашылады. Жеткізуге орта есеппен 15-30 минут кетеді.

Алматы – Қазақстанда Астанадан кейін мұндай технология енгізілген екінші қала. Алғашқы апталардың нәтижесіне қарай роботтардың қызмет көрсету аумағын кеңейту туралы шешім қабылданады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу