"Қазгидромет" РМК дерегінше, осы кезеңде қала аумағына 18 сантиметр қар түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазіргі уақытта жауын-шашын жоқ, күндізгі ауа температурасы -11-13 градус шамасында. Көлік пен жүргіншілер қозғалысын қауіпсіз әрі үздіксіз қамтамасыз ету үшін коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатыр.
– Қар жауған шақта жол-көше желісі кешенді тазаланды. 210 құм себу техникасының көмегімен 7 250 тонна көктайғаққа қарсы материал себілді, патрульдік жол полициясы экипаждарының еріп жүруімен 28 қар ысыру колоннасы жұмыс істеді. Күндізгі уақытта 75 жедел бригада, 1,7 мыңнан астам жол саласы жұмысшысы және 900-ден астам арнайы техника тартылды. Қар үйінділері жиналып, магистральдық және жүргінші көшелерінен, сондай-ақ қоғамдық орындардан қарды тәулік бойы шығару ұйымдастырылды. 18 қаңтар сағат 12:00-дегі жағдай бойынша 11 250 текше метр қар шығарылды, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар тротуарлар, қоғамдық көлік аялдамалары, жерүсті өткелдері, баспалдақтар мен пандустарды арнайы техниканың көмегімен және қолмен тазаланып жатыр.