Алматылық құтқарушылар Сайран көлінде қайғылы жағдайдың алдын алды

171

Бойжеткен шомылатын жағажайда суицид жасамақ болған.  

Алматылық құтқарушылар Сайран көлінде қайғылы жағдайдың алдын алды Фото: Видеодан скриншот

Сайран көлін патрульдеу барысында Алматы ТЖД Құтқару қызметінің қызметкерлері суицид жасау әрекетінің алдын алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жағалауда кезекшілікте болған құтқарушылар батып бара жатқан қызды байқап, оны жедел түрде судан алып шығып, жағаға жеткізді. Күйзелісте жүрген бойжеткенге қажетті көмек көрсетілді.

ТЖМ азаматтарды өз өміріне жауапкершілікпен қарауға және қажет болған жағдайда мамандардың көмегіне жүгінуге шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу