Алматы маңында автобус пен пойыз соқтығысып, 6 адам зардап шекті

176

Қазір бұл оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. 

Алматы маңында автобус пен пойыз соқтығысып, 6 адам зардап шекті Фото: Бейнежазбадан

Алматы облысында теміржол өткелінде автобус пен пойыз соқтығысып, салдарынан алты адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, Алматы – Боралдай – Шамалған станциясы бағытындағы автожолдағы теміржол өткелінде жол ережесін бұзған маршруттық автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, көмір станциясынан шыққан пойыз өткел арқылы қозғалып келе жатқан. Маршруттық автобустың жүргізушісі жол бермей, соқтығысуға жол берген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу