Алматы маңында тіркелген жер сілкінісі тұрғындарға қауіп төндірген жоқ – ТЖД

130

Сейсмикалық оқиға туралы хабарлама автоматты түрде жіберіледі.  

Алматы маңында тіркелген жер сілкінісі тұрғындарға қауіп төндірген жоқ – ТЖД Фото: canva

Сейсмодатчиктердің деректері бойынша Қырғызстан аумағында Алматыдан 135 км  қашықтықта оңтүстік батысқа қарай сейсмикалық оқиға тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Зілзала халық пен инфрақұрылым нысандарына қауіп төндірмеді. Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, сейсмикалық оқиға туралы хабарлама автоматты түрде қалыптастырылды. Бұл хабарлама жүйенің тестілік-іс режимінде жұмыс істейтін бір бөлігі, сондай-ақ қате емес.

Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу орталығының датчиктері мен жабдықтарын MassAlert жаппай хабарлау жүйесіне интеграциялау жұмыстары жалғасуда.

Мамандар сейсмикалық станциялар мен датчиктерді зерттеп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.

"Халыққа жолданатын хабарламалар болашақта барынша нақты әрі түсінікті болуы үшін параметрлер мен алгоритмдерді нақтылау және баптау жұмыстары жүргізілуде", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу