Алматы маңында жүк пойызы жылқы қағып кетті

2908

Мал иесі анықталып, айыппұл салынды.  

Алматы маңында жүк пойызы жылқы қағып кетті Фото: polisia.kz

Алматы маңында жүк пойызы жылқы қағып кетті, - деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы-1" станциясындағы желілік полиция басқармасына қарасты Шамалған станциясының маңында қараусыз жайылып жүрген жылқы жүк пойызына соғылып, пойыз шұғыл түрде тоқтады.

"Бұл дерек "Алматы-1" желілік полиция басқармасының ақпараттарды тіркеу кітабына тіркеліп, Шамалған станциясы қызметкерлері жылқының иесін анықтау бойынша жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде малдың иесі анықталып, ол Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 559-бабының 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу