Алматы маңында тағы жер сілкінді

234

Жерасты дүмпуін 12 мамыр күні сағат 06:33-те Төтенше жағдай министрлігі Ұлттық сейсмологиялық бақылау ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі тіркеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы маңында тағы жер сілкінді Фото: canva.com

"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 234 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан. Тереңдігі – 10 шақырым. Жерасты дүмпуінің энергетикалық класы – 10,4. MPV магнитудасы – 4,8",  делінген хабарламада.

Жер сілкінісі Қазақстан аумағында айтарлықтай сезілмеген. 

Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, магнитудасы 4,3 болатын жер сілкінісінің ошағы Жаны-Талап ауылынан солтүстік-батысқа қарай 9 шақырым жерде орналасқан.

Қырғызстанның елді мекендерінде жер сілкінісінің қарқыны келесідей:

  • Жаны-Талап, Ақ-Кыя, Көк-Жар ауылдарында – 3,5 балл
  • Кыдыралы, Сары-Иймек, Байченчек ауылдарында – 3 балл.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу