Алматы мемлекеттік академиялық қуыршақ театры Шекспир фестиваліне қатысады

257

Халықаралық фестивальге әлемнің 28 елінен 90-нан астам шығармашылық ұжым қатысады.  

Алматы мемлекеттік академиялық қуыршақ театры Шекспир фестиваліне қатысады Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Қуыршақ театры алғаш рет Румынияда өтетін әлемдік "The The Craiova International Shakespeare Festival" театр фестивалінде әйгілі "Ромое мен Джульетта" спектаклін ұсынады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ауқымды театрлық іс-шара 1994 жылдан бері Крайова қаласында өткізіліп келеді. 2026 жылы айтулы фестиваль 21-31 мамыр аралығында Крайова қаласының 32 түрлі театр сахнасында өтеді.

Қуыршақ театры фестиваль аясында 28 мамырда сағат 19:00-де "Cercul Militar Craiova" мәдени орталығының сахнасында өнер көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу