Алматы мен Алматы облысында электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді

281

​14 тамызда сағат 14:38-де "KEGOC" АҚ-ға тиесілі электр беру желілерінде ажырату орын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы мен Алматы облысында электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді Фото: ЖИ

Соның салдарынан "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ желілерінде апатқа қарсы автоматика іске қосылып, Алматы қаласы мен Алматы облысындағы бірқатар тұтынушы электр қуатынсыз қалды.

"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, энергетикалық жүйенің жұмыс режимі тұрақтандырылғаннан кейін электрмен жабдықтау біртіндеп қайта іске қосылған.

Сағат 19:00-де Алматы қаласы мен Алматы облысындағы тұтынушыларға енгізілген барлық электр қуаты шектеулері толық алынды. Қазіргі таңда компанияның жедел көшпелі бригадалары қосалқы станциялар мен электр желілерін тексеріп жатыр.

Мамандар жабдықтардың жағдайын, желідегі жүктемені және электрмен жабдықтау параметрлерін бақылауда ұстап, жүйенің тұрақты әрі сенімді жұмысын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу