Алматы мен Лангкави арасында әуе қатынасы ашылады

239

Рейстер аптасына үш рет Airbus A321neo әуе кемелерімен жүзеге асырылады. 

Алматы мен Лангкави арасында әуе қатынасы ашылады Фото: azh.kz

Халықаралық маршруттар желісін кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осыған орай, 2026 жылғы 25 желтоқсаннан бастап Air Astana әуе компаниясы Алматы – Лангкави (Малайзия) бағыты бойынша тікелей маусымдық рейстерді орындауды жоспарлап отыр.

Рейстер аптасына үш рет Airbus A321neo әуе кемелерімен жүзеге асырылады.

Жаңа бағыттың ашылуы Қазақстанның халықаралық әуе қатынасын кеңейтуге және Малайзиямен туристік байланыстарды дамытуға ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу