Алматы мен Шымкентте ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған жобалар аяқталды

239

Жобаларға Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы шағын грант бөлген.  

Алматы мен Шымкентте ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған жобалар аяқталды Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Telegram

Алматы мен Шымкентте ерекше қажеттілігі бар балалар мен жастарды қоғамға бейімдеуге бағытталған жобалар жүзеге асырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша қолға алынған бастамаларға Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы шағын грант бөлген. Жобаларды "Жас Жауынгер Алматы" және "Ерекше жол" қоғамдық қорлары іске асырды.

Алматыда "Жас Жауынгер Алматы" қоры дәстүрлі IV "Көңілді старттар – 2026" инклюзивті спорт мерекесін өткізді. Оған 200 бала мен жасөспірім қатысып, спорттық эстафеталар, бейімделген жаттығулар мен командалық сайыстарға қатысты.

Шымкентте "Ерекше жол" қоры мүгедектігі бар жасөспірімдер мен жастардың қоғамға бейімделуіне арналған жоба ұйымдастырды. Оған 12-25 жас аралығындағы 20 жасөспірім және олардың 20 ата-анасы қатысты.

Жоба аясында шығармашылық шеберханалар мен топтық сабақтар өтіп, қатысушылардың қарым-қатынас жасау, ортада еркін әрекет ету және командамен жұмыс істеу дағдылары дамытылды.

Ата-аналарға балаларды қолдау, олардың өз бетінше әрекет ету дағдыларын қалыптастыру және қызығушылықтарын дамытуға арналған оқыту кездесулері мен психологиялық тренингтер өткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу