Қаламыздың басты символдық нысаны – Көктөбе мұнарасы көкке боялып, туымыздың түсінде көз тартып тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қала қазір жап-жарық: даңғылдар да, саябақтар да, көпқабатты үйлер де, аула ішіндегі шағын ғана шамдар да – бәрі от шашқандай ерекше көңіл сыйлап тұр.
Кейінгі күндері Алматының өзіне ғана тән жайлығы басқа реңкке енгендей. Үйлердің қасбетінде, ағаш бұтақтарындағы жарқыраған шамдар, жарық аркалар мен түрлі түсті инсталляциялар "жарық қалаға" айналдырады.
Алматы жыл он екі ай көркем, бірақ дәл қазір оның келбеті бұрынғыдан да әсем. Серуендеуге де, суретке түсіруге де, жылы естелік жинауға да таптырмас шақ.
16 желтоқсан – қастерлі мерекеміздің қарсаңында қаламызды жарқыратып дайындап жатқаны көрініп тұр.
Жарқырай бер, Алматым!