Алматы метросында орынсыз әзілдеген жігіт 5 тәулікке қамалды

303

Оқиға "Райымбек" метро станциясында болған.  

Алматы метросында орынсыз әзілдеген жігіт 5 тәулікке қамалды Фото: gov.kz

Алматы метросында сөмкесінде қауіпті зат бар деп әзілдеген 22 жастағы қала тұрғыны бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тексеру кезінде жас жігіт қауіпсіздік қызметкеріне сөмкесінде қауіпті зат бар екенін айтқан. Ақпарат бірден полицияға жеткізіліп, оқиға орнына жедел қызметтер жұмылдырылды.

Құқық қорғау органдары метро аумағын толық тексергенімен, ешқандай қауіпті немесе тыйым салынған зат анықталмады. Кейін жас жігіт мұның әзіл екенін мойындайды.

Полицияның мәліметінше, мұндай әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіреді және барлық осындай хабарламалар міндетті түрде мұқият тексеріледі.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотының қаулысымен құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 тәулікке қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу